Спорт

Жергілікті футбол клубы оралдық қарсыласымен тең түсті

Өткен сенбіде теріскейлік “Қызылжар СҚ” футбол құрамасы сырт алаңда Орал қаласының “Ақжайық” командасымен кездесті. 90 минутқа жалғасқан ойында қос клубтың аяқдопшылары есеп аша алмады.

Солтүстікқазақстандықтарға бұл кездесудегі жеңіс ауадай қажет еді. Сол себептен жергілікті футболшылар белсенді ойнауға барларын салды. Дегенмен, олардың таңдап алған тактикасы нәтиже бермеді. Оралдық футболшылардың шабуылдары да мардымсыз болды. Өстіп, “Қызылжар СҚ” клубы турнирлік кестеде 8-ші орнын сақтап қалды. Енді қазанның 21 күні өңір құрамасы өз алаңында талдықорғандық “Жетісуды” қабылдамақ.

Бахыт Садвокасов