Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД-де сенім телефоны жұмыс істеуде

Жыл басынан облыстық ІІД-дегі ішкі қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына 32 хабарлама келіп түскен. Негізінен, солтүстікқазақстандықтар тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеттері жайлы мәлімдеген. Бүгінде жерлестеріміз аталған басқарма мамандарымен 8 (715-2) 61-26-82 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, бірнеше жыл қатарынан ведомство порталында облыстық ІІД-нің бастығы Берік Біләловтың блогы жұмыс істейді. Сайтта тіркеуден өткеннен соң, теріскейліктер кез келген уақытта департамент бастығына жеке хабарлама жібере алады. Жыл басынан блогқа 14 хабарлама келіпті. Оның 7-уі – шағым, ал қалғаны – кеңестік сипаттағы сұрақтар.

Асхат Садвакасов – СҚО ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

– Барлық өтінімдер мен сұрақтар ІІД есеп кітабына тіркеледі. Сондай-ақ, тұрғындар полицейлердің заңсыз әрекеттері жайлы 1402 сенім телефоны бойынша хабарлай алады.

Молдир Макишева