Құқық қорғау органдары

СҚО-да екі ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Солтүстікқазақстандық прокурорлар екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысын әшкереледі. Сезіктілер салықтан жалтару үшін заңға қайшы келетін схемаларды пайдаланған деп айыпталуда. Бұл алаяқтық фактілері жоспарлы тексерістер барысында белгілі болған.

Алғашқы топ құрамына 18-ге жуық кәсіпорын кіріпті. Олар міндетті алымдарды төлемеу үшін жалған шот-фактураларды жазған. Екінші топ өкілдері экстремистерге қаржылай көмек көрсетті деген күдікпен ұсталған. Қазіргі уақытта қос ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 млрд. теңгеден астам шығын келгені белгілі болды. Қазір бұл істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Саят Ермек