Ауыл шаруашылығы

Орақ -2018

Енді орақ науқанына тоқтала кетейік. Бүгінгі күні өңірімізде күзгі жиым-терім жұмыстары 97,5 пайызға аяқталып отыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы мәліметіне сүйенсек, теріскейлік диқандар 2 млн. 730 мың гектар алқаптағы дәнді және дәнді бұршақты дақылдарды жинапты. Нәтижесінде 4 млн. 888 мың тоннадан астам астықты бастырған. Орташа шығымдылық 17,9 центнерден айналуда. Бұдан бөлек, 689 мың гектар жердегі майлы өнім де дестеге түсірілді. Атқарылған шаруаның арқасында мамандар 608 мың тонна өнімді қамбаға жеткізген. Майлы тұқымдастардың берекелігі – 8,8 центнерді құрайды. Бұл ретте айта кеткен жөн, қазіргі уақытта егін орағын Тимирязев ауданы 100 пайызға тындырды. Алайда Айыртау және Есіл аудандарында қауырт маусым сылбыр жүргізіліп жатыр.

Байболат  Култанов