Құқық қорғау органдары

Шаһардың тәртіп сақшылары қолды болған ұялы телефондарды анықтауда

Петропавл қалалық ІІБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұялы телефондар саудаланатын орындар мен жөндеу шеберханаларына рейд жүргізді.

Шара барысында жедел уәкілдер қолданыста болған телефондарды сатып, жөндейтін орындарды ерекше бақылауға алды. Полицейлер құжатсыз телефондардың қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғын тексерді. Бұндай рейдттер қолды болған байланыс құралдарын табуға септесіп, алаяқтарды анықтауға мүмкіндік береді. Барлығы жыл басынан облыс орталығының тәртіп сақшылары 200 шақты ұялы телефон ұрлығын әшкерелеген.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қ. ІІБ криминалдық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы:

– Сатушының ұрланған ұялы телефонды әдейі сатып алу фактісі расталса, ол ҚР ҚҚ 196-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Оған 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту жазасы көзделген.

Эльмира Садвокасова