Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады

Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру! Бүгін Елбасы кезекті Жолдауын жариялады. Қазақстан халқына арнауында мемлекет басшысы республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешу жолдарын және отандастарымыздың күнкөріс деңгейін одан әрі арттыруға қатысты тың міндеттерді баяндады. Бұл жолдауды теріскейліктер “Қазақстан” кинотеатрына жиылып тікелей эфирде тамашалады.

Сағат тура 11:00-де Президенттің 23-ші Жолдауы жарияланады. Елбасының кезекті халыққа арнауын тыңдау үшін теріскейліктер “Қазақстан” кинотеатырына жиылып жатыр. Көп ұзамай Ақордадан тікелей көрсетілім басталды. Биылғы маңызды құжат “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” деп аталады. Онда мемлекет басшысы ел экономикасы мен күнкөріс деңгейін дамытуға қатысты тың міндеттерін баяндады. Оның алғашқысы – жалақыға қатысты болды.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Поручаю Правительству с 1 января 2019 года повысить минимальную зарплату в 1,5 раза – с 28 до 42 тысяч тенге.Это напрямую коснется 1 миллиона 300 тысяч человек, которые работают во всех отраслях на предприятиях различных форм собственности. Повышение охватит 275 тысяч работников бюджетных организаций, зарплаты которых вырастут в среднем на 35%.На эти цели из республиканского бюджета на 2019–2021 годы нужно выделять 96 миллиардов тенге ежегодно.

Жалақыны кәсіпкерлікті дамыту арқылы да өсіруге болады. Мұны Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында баса айтты. Сол себепті «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025-ке дейін ұзарту қажеттігін жеткізді. Жобаны жүзеге асыру үшін әр жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлінбек. Бұл арқылы 3 жыл ішінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашып, 224 миллиард теңге салық түсіруге болады. Оның үстіне 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік туады. Бірақ, мұндай көрсеткішке жету үшін Елбасы бір жағынан бизнестің жауапкершілігін арттырып, екінші жағынан оны заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау керектігін ескертті. Мұны іске асыру үшін бірқатар тапсырмаларын жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Поручаю с 1 января 2019 года поднять пороги применения уголовной ответственности по налоговым нарушениям до 50 тысяч МРП с увеличением штрафов. Также нужно реорганизовать Службу экономических расследований, передав ее функции в Комитет финансового мониторинга, основной задачей которого должна стать борьба с теневой экономикой. Чтобы бизнес мог начать работу с чистого листа, поручаю с 1 января 2019 года приступить к проведению налоговой амнистии для МСБ, списав пени и штрафы при условии уплаты основной суммы налога.

Жолдауда Президент агроөнеркәсіп кешеніне де тоқталды. Алдағы уақытта Қазақстан бұл саланы ілгерілетуі қажет. Нақтырақ айтатын болсақ, 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есе көбейту міндеті тұр. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет басшысы Үкіметке алдағы 3 жылдың ішінде жыл сайын кемінде 100 миллиард теңгеден қосымша қаржы бөлуді тапсырды. Бұл қаражатқа шет елдерден білікті мамандар тартылып, іске заманауи технологиялар енгізілмек. Өз сөзінде Елбасы соңғы үлгідегі қондырғыларды пайдаланып, жақсы нәтижеге қол жеткізген агроқұрылымдарды тілге тиек етті. Аталғандардың ішінде теріскейдегі кәсіпорындар да бар.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– “Атамекен-агро” – за 5 лет увеличила производства пшеницы 2,70 раза. Хозяйство “Зенченко” все выращивает. У нас достаточно земли, достаточно спецалистов. Надо теперь работать.

Маңызды құжатта білім беру саласы жайлы да қаузалды. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің болашағы жастардың қолында болғандықтан, ұл-қыздарды сапалы оқытуды тапсырды. Ол үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесін мемлекеттік мектептерге енгізу қажеттігін айтты. Жерлес педагогтар бұл жаңашылдықтың білікті шәкірттерді даярлауға серпін береріне нық сенеді.

Бақытжан Тұрсынов – Химия биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

–  Біздің мектепте оқушылар Кембридж университетінің әдістемесі бойынша оқытылады. Мұны барлық мектептерге енгізсек жастарымыз білімді білікті болып өсеріне сенімдіміз.

Тағы, осы Жолдауға сәйкес елімізде үш ауысымда оқытатын және апатты жағдайында тұрған білім ошақтарының саны қысқармақ. Бұл іске Президенттің пәрмені бойынша 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлінетін болады. Білім беру саласындағы өзгеріс бұл ғана емес. Елбасы биылғы арнауында келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Осының аясында мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері жөнсіз тексерістер мен міндеттерден арылатын болады. Денсаулық сақтау саласында да орын алатын жаңашылдықтар бар.

Ескендір Елеусізов – СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы:

–  Біз онкологиялық аурулар бойынша екінші орында тұрмыз. Осы өзекті мәселенің алдын алу үшін Президент орталық құру қажеттігін айтты. Бұл қарт адамдарға жалпы халыққа үлкен жәрдем болады.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында тұрғындарды “7-20-25” бағдарламасы арқылы сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтып, “Нұрлы жол” жобасы аясында 2020 жылға дейін 4600 шақырым жолдарды жөндеуді тапсырды. Тағы туризмді дамыту міндеті қойылды. Бұл ретте Елбасы Бурабай мен Алакөлден кем емес табиғаты сұлу, ауасы жұпар солтүстіктегі Шалқар курортық аймағын өркендетуге болатындығын жеткізді.

Байболат  Култанов