Құқық қорғау органдары

Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл

Қазанның 5-інде – қылмыстық іздестіру қызметінің құрылғанына 100 жыл толмақ. Осыған орай облыстық ішкі істер органдарының мамандары арасында бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ең алдымен тәртіп сақшыларының арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған облыстық департаменттің аппараты, қалалық ІІБ мен өңіріміздің 13 ауданынан келген ішкі істер бөлімдерінің мамандары қатысты. Полицейлер 4 командаға бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Жарыс нәтижесі бойынша 1-ші орын – қалалық басқармаға, 2-ші – облыстық департаментке, ал 3-ші орын Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарының командаларына бұйырды. Ал, жексенбі күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Аталған шара жаппай флешмобпен аяқталды.

 

Молдир Макишева