МТРА жаңалықтарыБизнес және экономика

Өткен айда әр адам орташа есеппен 27 422 теңгден шығынданған

Статистик мамандар қыркүйек айының ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеп шығарды. Олардың мәліметінше, өткен айда әр адам орташа есеппен 27 422 теңгден шығынданған. Бұл тамыз айымен салыстырғанда 300 теңгеге аз.

Солтүстікқазақстандықтар қаражаттың басым бөлігін ет пен балық сатып алуға жұмсаған. Екінші орында – сүт өнімдері мен жұмыртқа тұр, ал үшінші орынға көкеністер мен жемістер жайғасқан. Азық-түлік емес және ақылы қызметтердің құны өткен айда 12300 теңгені құрады. Орташа есеппен алғанда әрбір ата-ана 13 жасқа дейінгі балаға – 25 мың, 14-тен – 17-ге дейінгі жеткіншектерге – 30 мың теңге қаражат жұмсаған. Ал жасы 18-ден асқандар өздеріне – 28 мың, зейнеткерлер мен қарт адамдар болса олардан 3 мың теңгеге аз жұмсапты.

 

Мөлдір Шаяхмет