ТЖ

Қалада жыл басынан бері 154 өрт оқиғасы тіркелген

Петропавл қаласында жыл басынан бері 154 өрт оқиғасы тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, қызыл жалын көп жағдайда жер үйлерде орын алатын көрінеді.

Сенная база, «Береке», Жұмысшы кенті мен Ойқала. Шаһарымыздағы жер үйлердің дені аталған ықшам аудандарда орналасқан. Тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жылыту маусымы кезінде дәл осы төңіректе рейд жұмыстарын жиі жүргізеді. Әрбір тұрғынжайдың пеші мен мұржасын тексереді. Себебі, қаламызда орын алатын өрт оқиғаларының басым бөлігі жер үйлерде тіркеледі екен.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары :

– Қыс мезгілі жақындағандықтан, осындай рейд шараларын өткіземіз. Тұрғын үйлердегі пеш пен мұржаның жағдайын тексерудеміз.

Рейд барысында тағы 30-дан астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрғын үйлері тексерілді. Жалпы, “Участок” жедел алдын-алу шарасы желтоқсан айының 5-іне дейін жалғаспақ.

 

Эльмира Садвокасова