Konstitutsia banner mobile

Спорт

Петропавлда волейболдан ҚР Кубогының іріктеу кезеңі аяқталды

Петропавлда волейболдан ерлер арасындағы ҚР Кубогының іріктеу кезеңі аяқталды. Ақтық сында жергілікті “Есіл СҚ” құрамасы мен ақтаулық “Маңғыстау” командасы кездесті.

Жарыста біздің құрама ақтаулықтардан 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Алайда, “Есіл СҚ” еліміз бойынша Кубок үшін сынға түсетін 8 команданың ішіне кіре алды. Олардың алғашқы қарсыластары – “Атырау” құрамасы болмақ. Айта кеткен жөн, бұл кездесу қазанның 15-і сырт алаңда өтетін болады.

Молдир Макишева