Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны аяқталуға шақ қалды

Теріскейде орақ науқаны аяқталуға шақ қалды. Бүгінде солтүстікқазақстандық диқандар күзгі жиын-терімнің 87 пайызын тындырған.

Жалпы, жерлестеріміз 4 млн 240 мың тонна дәнді дақыл бастырыпты. Орташа гектар берекелігі 17,4 центнерді құрайды. Бұдан бөлек, алқаптардың жартысынан көп бөлігіндегі майлы өнім де қамбаға құйылған. Бұл ырыздық түрлерінің шығымдылығы гектарына 9 центерден айналуда. Жалпы, орақ науқанын жүргізу бойынша аққайыңдықтар мен тимирязевтіктер алда тұр. Ал, М.Жұмабаев ауданының аграрийлері мен тайыншалықтар көш соңында келеді.

Култанов Байболат