Қоғам

Жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Жұма күні Петропавлдағы Сити молл сауда үйінде жастарға арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті. Мұнда екі қолға бір күрек іздеп жүрген азаматтарға 10-нан аса кәсіпорын жұмыс ұсынды.

Жалпы, жыл басынан солтүстікқазақстандық 2 мыңға тарта қыз-жігіт еңбекпен қамтылған. Әлі жұмыссыз жүргендері 1500-ге жуықтайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда мамандарға, әсіресе қызмет көрсету саласында сұраныс басым көрінеді.
Сондай-ақ, бұл күні шара аясында балаларға арналып “Шеберлер қаласы” атты көрме ұсынылды. Мұнда өскелең ұрпақ дәрігер, құтқарушы, аспаз, флорист сынды 10-ға жуық маманның кейпіне ене алды. Яғни, кәсіп иелері жас ұл-қыздарға күнделікті жұмыс барысында қолданатын құрал-жабдықтарын көрсетіп, өз істерінің қыр-сырын баяндап берді.

Гүлдана Рысбаева – СҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бөлім басшысы:

– Осы шара бірінші рет өткізіліп отыр. Бұл көрме оқушыларды кәсіпке бейімдеуге бағытталған. Көрменің негізгі мақсаты-жастарға түрлі кәсіптердің атрибуттарын ұстатып, көрсету. Мысалы,аспаздардың қалай тамақ пісіретінін, шаштараздардың шаш үлгісін істеген көре отыра, өздерінің болашақ мамандықтарын таңдай алады.

 

Тогжан Акмагамбетова