Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны аяқталуға шақ қалды

Астықты өлкеде орақ науқаны аяқталуға шақ қалды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, теріскейлік шаруалар 4 млн алқаптағы дәнді-дақылды дестеге түсіріп, бастырып үлгерген.

Гектар берекелігі 17,3 центнерден айналуда. Көш басында Ақжар, Тимирязев пен Уәлиханов аудандарының дихандары келеді. Орақ барысын сәл баяу жүргізіп жатқандар – М.Жұмабаев ауданының шаруалары мен тайыншалықтар.

Ал майлы тұқымдастар бойынша орташа берекелік 9 центнерді құрап отыр. Оның 518 мың гектары жиналыпты. Бұл дақыл түрін бастыруда Ақжар, Тимирязев пен Аққайың аудандары алда тұр. Ал Тайынша, Жамбыл, Қызылжар аудандарының шаруалары сылбырлық танытуда.
Ауа райы қолайлы болса солтүстікқазақстандық агроқұрылымдар орақ науқанын қазан айының 10-ына дейін аяқтамақ.
 

 

Бахыт Садвокасов