МТРА жаңалықтары

Аққуларды заңсыз атқан Астана қаласының тұрғыны ұсталды

Теріскейге елордадан келген мейман абақтыдан бірақ шықты. Мамлютка қаласында учаскелік полиция инспекторы аққуларды заңсыз атқан Астаналық тұрғынды құрықтады. Азамат таң сәріде аудан орталығының маңындағы көлде жүзіп жүрген аққуларға құмартып, аңшылық құрған.

Атылған мылтықтың дауысын естіген тәртіп сақшысы бірден көл жаққа бет алған. Алайда, сезікті қылмыс орнынан қашып үлгереді. Кезекші бөлімге хабар түскен соң, көп ұзамай заңбұзушының көлігі тоқтатылған. Машина салонынан аңшы мылтығы табылды. Анықталғандай, браконьер 3 бірдей сұңқұлдақ ауққуды атып түсірген.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабының 1-бөлігі «Заңсыз аңшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Эльмира Садвокасова