МТРА жаңалықтары

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен Ксения Овсянникова көз жұмды

Өңір дәрігерлері көлік апатының құрбаны – Ксения Овсянникованың өмірін сақтап қалуға қауқарсыз болды. 25 жастағы теріскейлік бүгін таңертең ауруханада көз жұмды. Еске салайық, нәзікжандыны құрбысымен бірге қыркүйектің 15-і таңғы 4-тер шамасында “Казахстанская правда” көшесінің бойында «лексус» көлігі қағып кеткен болатын.

Соққының салдарынан қос жерлесіміз ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген болатын. Ақ халаттылар бірден Ксенияның бас миына ота жасаған. Дер кезінде тиісті көмек көрсетілсе де, нәзікжандының беті бері қарамады. Ол комадан шықпай, сол күйі көз жұмды. Келіншектің артында 2 жасар қызы қалды.

Дәуренбек Бейсембаев – СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Дәрігерлер қолдан келгендерін жасады. Алайда, нәзікжандының соққы кезінде алған жарақаттары тым ауыр болды. Екінші зардап шегушінің өміріне қауіп төнбейді. Дегенмен, жағдайын бірқалыпты-ауыр деп бағалаймыз. Қазір ол оңалтудан өтуде.

Эльмира Садвокасова