Құқық қорғау органдары

“Учаске” жедел-алдын алу шарасы

Полицейлер жыл басынан бері отбасы мүшелерін ұрып-соққан 500-ден астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал жапа шегушілерге қатысты 665 қорғау ұйғарымын шығарыпты. Қазір теріскейлік тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында “Учаске” деп аталатын шара өткізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықты ауыздықтау мақсатында рейдтік шараларды жиі өткізіп тұрады. Тексеріс нәтижесі көрсеткендей жақындарын ұрып-соғудан тайынбайтын ер адамдардың жасы шамамен 40-тың маңайында. Олар әйелдеріне ғана емес, ата-аналарына да қол көтеретін көрінеді. Сондай жанның бірі қаладағы Ойқала ауданында тұрады.

– Надо почаще. А я раньше скрывала же это все. А надо было почаще их сдавать.

– Ну, вы бы почаще нам двери открывали, обращались бы к нам.

– А то меня после этого били.

– А почему не обращались к нам?

– Ну, боялась.

– Ну, сейчас нормально стало?

– Нормально.

– Не пьют?

– Нет.

Ашуын отбасынан алатындарға ескерту жасалады, не болмаса 3 тәулікке қамауға алу жазасы қарастырылған.
Полицейлер жыл басынан бері отбасы мүшелерін ұрып-соққан 500-ден астам тұлғаны жауапкершілікке тартқан. Ал жапа шегушілерге қатысты 665 қорғау ұйғарымын жазыпты.

Жұлдыз Бағыт – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы:

–  «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Петропавл қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Петропавл қаласы әкімдігінің отбасы-демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссиясымен өзара іс-қимыл жасай отырып, отбасы-тұрмыстық қатынас саласында құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға бейім тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру үшін рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Бүгіндері теріскейлік тәртіп сақшылары “Учаске” жедел-алдын алу акциясы аясында 2400-ден астам үйді аралап шыққан. Олардың басым бөлігі – жеке сектордағы баспаналар. Аталған шара желтоқсан айының 5-іне дейін жалғаспақ.

Тогжан Акмагамбетова