Спорт

Петропавлда волейболдан ҚР Кубогының іріктеу кезеңі басталды

Облыс орталығында волейболдан ҚР кубогының іріктеу кезеңі басталды. Оған еліміздің әр өңірінен келген 8 команда қатысып жатыр. Жеңіске жеткен 2 құрама қазан айында республика көлемінде өтетін дүбірлі додаға жолдама алады.

 

Ортаға еліміздің Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының ойыншылары шықты. Олардың ішінде теріскейлік және маңғыстаулық құрамалар ұлттық, ал қалғандары жоғары лигада өнер көрсетіп жүр. ҚР Кубогының іріктеу кезеңі салтанатты түрде ашылған соң, спортшылар жаттығуға кірісіп кетті. Бұл командалар 2 топқа бөлініп ойнайды.

Мамаш Омаров – жарыстың бас төрешісі:


– Петропавл қаласында ҚР Кубогының бірінші этапы басталды. Оған 8 команда қатысып жатыр. Жеңімпаздар қазан айында өтетін волейболдан ҚР кубогына жолдама алады.

Бірінші болып алаңға ақ жейдедегі Ақтөбе мен қызыл формадағы Қызылорда құрамалары шықты. Екі команда да жақсы ойын өрнегін көрсетуде. Бір-біріне допты дәл бағыттап, есеп ашуға барларын салып жатыр. Екі кезең де ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Соған қарамастан, қызылордалықтар оңайлықпен берілетін емес. 3-ші және 4-ші партияда олар ойынды 2:2 есебімен теңестірді. Сонымен, кезек шешуші 5-ші кезеңге де келіп жетті. Волейболшылар мұқият ойнап, қателік жібермеуге тырысуда. Алайда, ақтөбеліктердің асығы алшысынан түсіп, олар 12-де 15 нәтижесімен жеңіске жетті.

Дияс Алипаев – жарысқа қатысушы, Ақтөбе қаласы:


– Қызылорда командасы жас, дарынды спортшылар. ойын қиын болды. Өйткені, бірінші күн. Жалпы, 2016 жылы 4-ші, 2016 жылы 2-ші орын алған едік. Биыл 1-ші орынға үміттіміз.

Келесі кезек, жергілікті құрама мен Павлодар өңірінің командасына тиді. Жалпы жарыс 3 күнге жалғаспақ. Жеңімпаз қыркүйектің 30-ында, ақтық кездесулерде анықталады.

Молдир Макишева