Құқық қорғау органдары

Астана-Петропавл тас жолында қайғылы жағдай орын алды

Кеше, қыркүйектің 24-інде Астана-Петропавл тас жолында қайғылы жағдай орын алды. Аққайың ауданына қарасты Астраханка елді мекенінен 3 шақырым жерде шамамен түскі 2 кезінде Камаз автокөлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысты.

Апат салдарынан соңғысы отқа оранды. Анықталғандай, автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. 53 жастағы азамат сол жерде мерт болды. Ол жергілікті серіктестіктердің бірінде жұмысшыларды тасымалдаумен айналысқан екен. Ал, Камаз көлігінің жүргізушісі дін аман. Автобуста жолаушылар болмаған.

Айдын Байматов – СҚО ІІД ЖПҚ бастығының орынбасары:

– ҚР ҚК 345-бабы бойынша қазір тергеу жұмыстары басталды. Істің анық-қанығы анықталуда.

Эльмира Садвокасова