Қоғам

Шаһар полицейлері тілдер фестивалін атап өтті

Жыл сайын қалалық ішкі істер басқармасының ұжымы Қазақстан халқы тілдерінің фестивалін атап өтеді. Үстіміздегі жылы шаһар полицейлері дәстүрден жаңылмай, ел аумағында тұратын түрлі ұлт өкілдерінің тілдерінде сөйлеп, өзара сынға түсті.

 

Қазақтар, кәрістер, өзбектер мен армяндар – жергілікті ішкі істер органдарында түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Қоғамдық тәртіпті қадағалайтын бұл мамандар тілдер фестивалі аясында 7 ұлыстың тілінде сөйлеп, ғұрыптары мен мәдениеттерін паш етті.

Данияр Қайруллин – Петропавл қалалық ІІБ кадр жұмысы бөлімінің бастығы:


– Қазақтан халқы тілдерінің ХХ-шы, мерейтойлық, фестиваліне орай байқау ұйымдастырдық. Қалалық ІІБ бөлімшелері 6 командаға бөлінді. Олар өздері таңдаған ұлт өкілдерінің тағамдарын әзірлеп, әндерін айтып, билерін билеп, салттарын көрсетуде. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға барлық тәртіп сақшылары белсенді қатысып жатыр. Осылайша, ұжым ішіндегі конфессияаралық татулықты насихаттаудамыз.

Тәртіп сақшылары байқауға тыңғылықты дайындалған. Бір команда неке жүзігін бәліштің ішіне тығып, немістердің қызға ұсыныс жасау дәстүрін көрсетсе, екінші құрама жас жұбайларға бал жегізіп, айнаның алдына тұрғызып, өзбектердің үйлену тойдағы ғұрыптарын паш етті.

Байқау қорытындысы бойынша қалалық жергілікті полиция қызметінің мамандары әріптестерінің алдын орап, жеңімпаз атанды.

Саят Ермек