Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” командасы жеңіліс тапты

“Қызыл-Жар СҚ” командасы жеңіліс тапты. Қыркүйектің 22-сінде теріскейліктер сырт алаңда “Атырау” құрамасымен кездесу өткізген болатын.Алғашқы допты атыраулықтар матчтың 11-ші минутында соқты. Алайда, ойынның 27-ші минутында Мирослав Лечич есепті теңестірді.

Осылайша, үзіліске командалар тең нәтижемен кетті. Екінші кезеңде матч қыза түсті. Жеңіске ұмтылған қызылжарлықтар ойынның 55-ші минутында ереже бұзып, қарсылас команда айып соққысын орындау мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, алаң иелері солтүстіказақстандықтарды тағы да артта қалдырды. Кездесу соңында командалар тағы бір голдан соғып, ойын 3-2 есебімен Атырау құрамасының пайдасына шешілді. Қазір “Қызыл-Жар СҚ” турнирлік кестенің 11-ші сатысында келеді. Келесі кездесуді теріскейлік аяқдоп шеберлері жергілікті Қарасай стадионында 26-шы қыркүйекте қарағандылық “Шахтерға” қарсы өткізетін болады. Ойын сағат 15-00-ге жоспарланған.