Тұлға

Петропавлда Кирилл Филоновтың “Близкие люди” кітабының тұсаукесері өтті

Петропавлда жергілікті жас қаламгер Кирилл Филоновтың “Близкие люди” кітабының таныстырылымы өтті. Шығармашылық кешке жазушының әріптестері қатысып, туындыға қатысты өз ойларымен бөлісті. Қаламгердің туындысы 100 данамен басылып шыққан.

 

“Близкие люди” кітабы – Кирилл Филоновтың шығармашылық жолындағы алғашқы туындысы. 30 жасар жерлесіміз поэзия жанрындағы еңбегін толықтай жазып шығуға бақандай 10 жылын сарп еткен. Бүгін облыстық кітапханада оның талайдан тер төккен туындысының тұсауы кесілді. Кеште ақын, жазушының әріптестері, аға буын өкілдері мен жастар қатысты.

Кирилл Филонов – жазушы, ақын:


– Шығарма өмірден алынған. Кітабымдағы кейіпкерлер шынайы өмірде де бар. Туындыда адамның сан түрлі мінез-құлқы мен әдеттерін барынша жеткізуге тырыстым. Ақыры басылып шыққан бұл кітап оқырман қауымның жүрегіне жол табады деген сенімдемін.

Туынды 3 бөлімнен тұрады. 2-уі хикаят болса, 3-ші бөлімі әңгіме түрінде жазылыпты. Алғашқы 2 бөлімге ауылдық жердегі медбикенің қилы өмірі мен қазіргі отбасындағы ерлі-зайыптылардың өмірі арқау болған. Ал 3-ші бөлімде автор теміржол саласында еңбектенетін жанның басынан кешкен оқиғасын баяндапты. Ойы ұшқыр қаламгердың кітабымен әріптестері танысып үлгерген. Олар жазушыға жоғары бағасын беруде.

Александр Курленя – облыстық “Лад” славян мәдениетінің жетекшісі, жазушы:

– Кирилл Филонов шығармашылық ортада жаңадан танылып келе жатқан қаламгер. Жазушының аяқ алысы жаман емес, еңбегімен танысып шықтым. Кириллдың осы кітабы орта жастағы оқырмандардың сұранысына ие болары сөзсіз.

Айта кетейік, жерлесіміздің алғашқы еңбегі 100 данамен басылып шықты. Шара соңында қаламгер 10 кітапты С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханаға сыйға тартты.

Бахыт Садвокасов