Спорт

“Құлагер” құрамасы елордалық команданы тізе бүктірді

Теріскейлік хоккейшілер жанкүйерлерін кезекті жеңісімен қуантты. Бейсенбі күні хоккей клубы елордалық “Астана” құрамасымен кездескен болатын.

Алдымен, ойынның 4-ші минутында астаналық имек таяқ шебері жергілікті құрама қақпасына шайба салып, таблодағы есепті ашты. Кейін құлагерліктер ойын барысын өз қолдарына алып, қарымта шабуылдар жасаумен болды. Ол әрекеттері зая кетпей, жерлес хоккейшілер қатарынан бірнеше шайба салып үлгерді. Өстіп ойын 2:8 есебімен құлагерліктердің пайдасына шешілді. Қазір петропавлдық құрама / қанжығасындағы 19 ұпаймен турнирлік кестенің төрінде тұр. Келесі ойынды өңірлік имек таяқ шеберлері қыркүйектің 26 мен 27 күндері өз айдынында өткізіп атыраулық “Бейбарысты” қабылдайды.

Бахыт Садвокасов