МТРА жаңалықтары

Петропавлда жас ғалымдардың халықаралық симпозиумы өтуде

Облыс орталығында жас ғалымдардың халықаралық симпозиумы өтуде. Туризм тақырыбы арқау болған жиында Қазақстан мен Ресейдің 30 шақты жас ғалымы бас қосты.

Олар екі күн бойы туризмді дамытуға бағытталған жобаларын ұсынып, пікір алмасады. Ресейлік профессор Дмитрий Черных елге келетін шетелдіктердің санын реттеп отыру да маңызды дейді. Сонымен қатар, тарихи орындарды жаңғыртудың маңыздылығын алға тартуда. Өйткені, шетелдіктердің көбі өзге елдегі ескерткіштер мен көне жәдігерлерге қызығушылық танытады. Өңірімізге жиналған жас ғалымдар алдағы уақытта айтылған кеңестер бойынша резолюция қабылдап, оны қараша айында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумында ұсынады.

Дмитрий Черных – Алтай мемлекеттік университетінің профессоры:


– Осыған дейін шекарааралық туризмді дамыту туралы ауызша айтылып келді. Енді нақты шешім қабылдайтын кез жетті. Екі елдің климаттық жағдайы ұқсас. Географиялық орналасу аймағы жақсы. Біз осы әлеуеттімізді мейлінше тиімді пайдануымыз қажет. Осы орайда бұл кездесулер оң нәтиже беріп, Қазақстан мен Ресейдің жас ғалымдары туризм саласына тың жобалар әкеледі деген үміттемін.

Эльмира Садвокасова