Құқық қорғау органдары

“Нелегал” алдын алу шарасы өтті

Өңірімізде “Нелегал” алдын алу шарасы өтті. Бар-жоғы 4 күн ішінде тәртіп сақшылары шетелдік азаматтардың ел аумағында заңсыз жүруіне байланысты 408 фактіні тіркеген. Тәртіпке бағынбағандарға сот шешімі бойынша жалпы сомасы 1 млн 400 мың теңгенің айыппұлы салынған.

 

Транзиттік көліктер мен құрылыс алаңдары. Бұл – мигранттардың көп шоғырланатын жерлері. Араларында шекараны заңсыз кесіп өтушілер де табылады. Сондықтан, теріскейлік тәртіп сақшылары осы нысандарды қатаң бақылауға алған. Мәселен, “Нелегал” төрткүндік операциясының аясында жергілікті көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдіктер тарапынан заң бұзудың 408 фактісін анықтаған. Олардың арасында 46 жастағы Ресей Федерациясының азаматы да бар.

– Я, гражданин РФ судом № 2 города Петропавловска был выдворен, так как, совершил преступление на территории Казахстана по статье 191 части 2. Отбывал наказание. Лишение свободы – 3 года.

Сот шешімі бойынша азамат ел аумағынан шығарып жіберілді. Енді оған 5 жыл бойы Қазақстанға кіруге болмайды.

Роза Жүкенова- СҚО ІІД Көші-көн қызметі басқармасының аға инспекторы:

– Алдын-алу іс-шарасы аясында 408 әкімшілік хаттама толтырылды. 17 шетелдік азамат ҚР аумағынан шығарылды. Ал ҚР 20 тұрғыны шетелдік жұмыс қолын заңсыз қолданғаны үшін жауапқа тартылды.

Жалпы “Нелегал – 2018” шарасының нәтижесі көрсеткендей, заңбұзушылықтардың басым бөлігі шетелдіктердің теріскейге заңсыз келіп-кетуімен байланысты. Сот шешімі бойынша, тәртіпке бағынбаған өзге ел тұрғындарына жалпы сомасы 1 млн. 400 мың теңгенің айыппұлы салынған.

Эльмира Садвокасова