Ауа райы

Ертең СҚО аумағында қатты жаңбыр күтілуде

Жаңбырлы күз келіп жетті! “Қазгидромет” мамандарының мәліметтіне сәйкес ертең, қыркүйектің 21-і, СҚО аумағында қатты жауын-шашын күтілуде.

Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20, ал кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін ТЖД мамандары сақтық шараларын қаперде ұстауды ескертеді.

Саят Ермек