Спорт

Жергілікті футбол командасының кезекті жеңісі

“Қызылжар СҚ” футбол командасы көреремендерін кезекті жеңісімен қуантты!Өткен демалыс күндері жергілікті аяқдоп шеберлері сырт алаңда павлодарлық “Ертіс” командасымен кездесті.

Ойынның алғаш сәтінен қызылжарлықтар қарсылас қақпаны торуылдаумен болды. Бұл белсенділіктері өз жемісін беріп, ойының 7-ші минутында шабуылшы Тимур Мульдинов қақпаға алғашқы допты дарытты. Таблодағы есеп дода соңына дейін өзгермей, ойын 0-де 1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Дей тұрғанмен, “Қызылжар СҚ” футбол құрамасы бүгінде турнирлік кестенің соңғы тізімінде келеді. Келесі ойынды теріскейлік құрама сырт алаңда атыраулық аяқдопшылармен өткізбек.

 

Бахыт Садвокасов