Мәдениет

Назгүл Өтенованы еске алу құрметіне арналған жас ақындар айтысы

Петропавлда жерлес ақын Назгүл Өтенованың құрметіне ұйымдастырылған ақындар айтысының қорытындысы жарияланды. Жыр мүшайрасына мектеп оқушылары мен 25 жасқа дейінгі жастар қатысқан болатын. Ақындыққа бір табан жақын үміткерлер 1 жыл көлемінде қазылар алқасына өздерінің жыр-шумақтарын жолдап, кейін араларынан үздіктері анықталды.

Залға жиналған мына жандар – жерлес ақын Назгүл Өтенованың өмірі және шығармашылығымен жақсы таныс. Жамбыл ауданының тумасы жастайынан қалам тербеп, суырып-салмалық қасиет иесі болған. Тағдырдың жазуы ма дерсің, сұм ажал Назгүлдің өмірін 25 жасында қыршыннан қиды. “Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын”, – дегендей, өткен жылы «СҚ» газеті өткен жылы ақынды еске алу мақсатында жыр мүшайрасын жариялаған. Өстіп 20 жас ақын 1 жыл бойына қарім-қабілетін паш етіп, Назгүл Өиеноваға арнап қалам тербеген болатын. Бүгін шешендігімен көзге түскен үздіктері марапатталғалы отыр.

Жарасбай Сүлейменов – «Солтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің директоры:

– Ол кісі ақын, журналист ретінде артына мол мұра қалдырып кетті. Назгүл туған тіліміздің қанат жайып, тұғырының биік болуына зор үлесін қосты. Өзіміздің әріптесіміз болғандықтан, жас ақындар мүшайрасын өткізуге уәде берген едік. Көп өлеңдер түсті, соларды сұрыптап, біз 5 ақынды жеңімпаз ретінде таңдап алдық.

Осылайша, 3-ші орын және велосипедті мамлюттік Гүлжамал Сүлейменова еншілесе, Павлодар қаласының өкілі 2-ші орынға тұрақтады. Оған 60 мың теңгенің сыйақысы берілді. Ал 1-ші орынға «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатының» оқушысы Дильфуза Абдукаюмова лайық деп танылған. Оның “теңіз болды сенің өмір өзенің” өлеңі – қазылар алқасын бей-жай қалдырмаса керек.

Дильфуза Абдукаюмова – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия интернатының оқушысы:

– Осы өлеңімнің арқасында 1-ші орын алып отырмын. Мені дайындаған ұстаздарыма көптеген алғысымды білдіремін. Мені дайындаған жетекшілерімен алғысымды білдіремін.

Талабы таудай өзге жас ақындар да назардан тыс қалған жоқ. Кездесуде оларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

 

Бахыт Садвокасов