Спорт

Имек таяқ шеберлерінің кезекті жеңісі

Футболшылардың жеңісін “Құлагер” хоккей клубының ойыншылары жалғады. Петропавлдық имек таяқ шеберлері сырт алаңда теміртаулық құрамамен кездесті.

Ойының 4-ші минутында-ақ алаң иелері жергілікті команда қақпасына шайба салды. Бұған қарымта шабуыл жасаған құлагерліктердің әрекеті, бірақ нәтижесіз болды. Ал керісінше ойынға екпін қосқан терміртаулықтар есепті еселей түсті. Кейін жинақы сырғанаған өңір хоккейшілері қатарынан бірнеше шайба салып, есеп айырмасын жақсартып алды. Қорытынды есеп 3:4, құлагерліктердің падасына шешілді. Енді жерлестеріміз 12 ұпаймен турнирлік кестенің төріне көтерілді. Келесі тартыс қыркүйектің 19 мен 20-сы аралығына жоспарланған. Онда құлагерліктер елорладық клубпен кездеспек.

 Бахыт Садвокасов