Спорт

Үлкен бокс Петропавлда

Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі! Бүгін Петропавлда отандық Бокс федерациясы кубогының ширек финалдық кезеңі бастау алды.

Жеребе бойынша В тобына іліккен Астана қаласы, Атырау, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының құрамалары қыркүйектің 14-і мен 16-сы аралығында жергілікті жерде кубоктің жартылай финалына жолдамаларды сарапқа салатын болады. Боксшылар 8 саламақ дәрежесінде, айналмалы жүйе бойынша қолғап түйістірмек. Осылайша командалық есепте топ жарған өңірдің құрамасы кубоктің жартылай финалында өнер көрсететін болады. Айта кеткен жөн, бұл Ұлттық бокс федерациясы кубогінің 9-шы маусымы. Осы 9 жылдың ішінде ширек финалдық кезең Петропавлда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Аслан Игібаев – ҚР Бокс федерациясы кубогінің В тобы бойынша супервайзері:


– Өткен аптада ширек финалдық кезең А және С топтарында өтті. Онда жартылай финалға жолдаманы Шымкент қаласы мен Павлодар облысының құрамалары жеңіп алды. Қазір Петропавлмен бірге Атырауда да Д тобындағы бәсекелер басталды. Осы топтардың ішінен суырылып шыққан 4 команда Алматы қаласында жартылай финал мен финалға қатысатын болады. Ақтық кезеңдер желтоқсанның 7-сі мен 8-іне жоспарланып отыр.

  

Саят Ермек