Спорт

Еңбек ұжымдары арасында спартакиадасы өтуде

Жылдамдық, күш-қуат, шыдамдылық пен командалық рух. Петропавлда еңбек ұжымдарының арасында “Қызылжар-2018” спартакиадасы бастау алды. Бұл шара алғаш рет өткен жылы ұйымдастырылған болатын.

Әсерлі ашылу салтанатынан соң спортшылар жүлде үшін таласты бастап кетті. Спартакиадаға 18 құрама, барлығы 600 жұмысшы қатысып жатыр. Олар түрлі салалардың өкілдері. Осылайша жерлестеріміз өз ісінің шеберлері ғана емес, салауатты өмір салтының жанашырлары екендерін де дәлелдеп берді.

Данияр Жулдаспаев, Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

 – Спартакиада қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың бас болуымен осымен екінші жыл өтуде. Спорттық мерекені дәстүрлі шараға айналдырмақшымыз. Осы арқылы қатардағы теріскейліктерді жаппай спортқа тарту көзделіп отыр.

Альмира Жетписбай