МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында жылыту маусымы басталды

Облыс орталығында жылыту маусымы басталды. Қала әкімі Марат Тасмағанбетов бұл туралы құжатқа қыркүйектің 11-інде қол қойған.

Осылайша, соңғы 2 күннің ішінде әлеуметтік нысандардың 70 пайызына жылу берілген. Бірінші кезекте, орталық жылыту жүйесіне ауруханалар мен емханалар, балабақшалар мен мектептер қосылды. Көпқабатты тұрғын үйлердің де кейбірі жылытыла бастаған. Бірақ, қысқы маусымға дайындық жөніндегі құжаттар бұл баспаналардың тек жартысынан астамына ғана беріліпті. Сондықтан, қазір құжаттарға қол қою, жуып-шаю, қысым тексеру жұмыстарына екпін берілген. Осылайша, қыркүйектің 25-іне дейін барлық үйлерді орталық жүйеге қосып, жылумен қамту көзделген.

Анатолий Мишин – Петропавл қаласы әкімінің кеңесшісі:


–  Біз биылғы жылыту маусымын бұрынғыдан ерте бастап жатырмыз. Себебі, өткен жылы қаладағы нысандарға жылу беру тек қазан айында ғана басталды. Сондықтан, ғимараттар пен баспаналардың іші қатты суып кетіп, шамамен 10 күн бойы жылынды. Осыны есепке алып, үстіміздегі жылы бұл істі тездетудеміз. Тұрғын үйлерді жылу жүйесіне ПИК-нің өтініші бойынша қосуға болады. Жылу есептегіш құралы бар баспаналар – «Севказэнергосбыт» серіктестігіне баруы қажет. Ал, егер ол орнатылмаған болса, “Петропавл жылу желілері” серіктестігінің көмегіне жүгінген дұрыс
.