Спорт

Петропавлда жаппай сергіту жаттығулары өтті

Бүгін Қарасай мен Ағытай батырлардың құрметіне орнатылған ескерткіштің алаңында жаппай сергіту жаттығулары өтті. Оған теріскейлік студенттер мен “Жас отан” ЖҚ-ның белсенділері қатысты. Шара барлығы 100-ге жуық жастың басын қосты.

Дәл қазір теріскейлік белсенді жастар қаз-қатар тізіліп, жаттығу орындап жатыр. Ауа-райының салқындығына қарамастан, қатысушылар шараға ерекше қызығушылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.

– Алаңда өтіп жатқан шара барлығына ұнады деп ойлаймын. Өйткені біз бүгін жасаған жаттығулар адамның көңілін көтереді. Ал өмір сүру тікелей көңіл-күйге байланысты. Өмірдегі бар жақсы сәттерді еске ала отырып, осындай көңілді жаттығулар жасадық.


– Барлығымыз бірлесе жасаған жаттығулар маған ұнады! Осындай іс-шаралар жиі өткізілсе жақсы болар еді.

– Бұл жаттығулар денсаулыққа пайдалы. Шара өте әсерлі өтті. СӨС байланысты мерекелер көбіререк ұйымдастырылсын деймін.

Бүгінгі таңда қоғамда салауатты өмір салтын жаппай ұстану мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы салауатты салтарды сақтау қиын емес екенін көрсетпекші.
Олардың сөзінше, белсенді өмір сүруді қолдау жастарды толғандыратын мәселе болуы тиіс.

Біржан Құдайбергенов – «Жас Отан» ЖҚ қалалық бөлім жетекшісі:

– Бүгін “Нұр Отан” партиясы жанындағы Жас Отан жастар қанаты “дене шынықтыру және спорт” басқармасымен бірлесіп, жаппай жаттығу өткізуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – жастар арасында спортты дамыту мен СӨС-ті насихаттау.

Жаттығуларға 100 шақты жасотандық пен студенттер қатысты. Алдағы уақытта ұйымдастырушылар мұндай іс-шараны тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Альмира Жетписбай