Құқық қорғау органдары

Облыстық ІІД өз жұмысын қорытындылады

Облыстық ІІД 8 ай ішіндегі жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарларын анықтады. Сондай-ақ, жиында қызметін табысты атқарған бірқатар тәртіп сақшылары марапатталды.

Алқалы отырыста департамент бастығы Берік Біләлов тәртіп сақшыларына арнайы жасақталған мобильдік топтарды қайта жандандыру жайлы тапсырма берді. Сонымен қатар, ол ұсақ құқықбұзушылықтарға “нөлдік төзімділік” қағидасын қолдану керектігін айтып өтті. Кейін облыстық ІІД көші- қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушысы Бибігүл Абдульманова тәртіп сақшылары көрсететін мемлекеттік қызметтерге тоқталды.

Бибігүл Абдульманова – СҚО ІІД Көші- қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы:


– 8 айдың ішінде 199 мың 095 теңгенің мемлекеттік қызметтері көрсетілген. Олардың 4073-і – қағаз жүзінде, 17180-і – баламалы негізде, ал 16790-ы – электронды түрде іске асты.

Молдир Макишева