ТЖ

Облыста балықшы суға батып кетті

Жыл басынан бері өңірдің су айдындарында 12 адам қаза тапқан. Олардың 3-еуі бала. Соңғы қайғылы жағдай тамыздың 31-інде тіркелді. Жамбыл ауданының 54 жасар тұрғыны Буденное көлінде балық аулап жүріп батып кеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының сөзінше, азамат таңғы 6 кезінде балық аулауға кеткен. Бірақ, сол кеткеннен үйіне қайтып оралмайды. Балықшының бос қайығын Буденное ауылының тұрғындары түскі 11-лер шамасында байқапты. Кейін, дереу құтқарушыларға хабарласқан. Оқиға орнына жеткен 6 маман жалпы ауданы 2000 мың шаршы метрден астам көлдің бетін және 54 мың шаршы метр су түбін тінткен. Теріскейліктің денесі тек қыркүйектің 10-шы жұлдызында табылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталды. Балықшы қатты желдің әсерінен суға құлап кеткен.

Гүлмира Тұяқ – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бас маманы

– Балықшының балық аулау торларына оралып, суға батып кеткені анықталды. Жалпы бұл жыл басынан бері балық аулау кезінде қаза табудың 2-ші жағдайы.

Байболат  Култанов