Құқық қорғау органдары

Велосипедшілер – полицейлердің жіті назарында

Велосипедшілердің қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу үшін полицейлер күн сайын рейдтік шаралар өткізіп жатыр. Оның барысында тәртіп сақшылары 2 дөңгелекті көлік жүргізушілерін тоқтатып, ережелерді түсіндіруде.

 

– Почему нарушаете?
– Смотрю, машин нет, переехал.
– Нет, а как вы должны пересекать пешеходный переход?
– Пешком.
– Знаете, что предусмотрена ответственность за это нарушение? 2 МРП.Не нарушайте. Берегите свой бюджет.
– Хорошо.
– Сейчас просто профилактическая беседа с вами. Но работа в этом направлении будет продолжена.

Жедел басқару орталығында отыратын мамандардың сөзінше велосипедшілердің ережені бұзуы күн сайын тіркеледі екен. Әсіресе, заңбұзушылықтар жаяу жүргіншілер жолында және бағдаршам тұсында жиі орын алады. Өйткені, бұл жерлерде азаматтар тізгіндеген қос доңғалақты көліктерін жетектеп өтуі тиіс.

Саят Ибраев – СҚО ІІД ЖПҚ бөлімшесінің инспекторы:

 

–  Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін волосипед жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 615-ші бабы 1-ші тармағына сәйкес ережеге бағынбағандарға 4 мың теңге көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған. Бұндай жерлерде велосипед мініп жүруге тыйым салынған.

Жол қателікті кешірмейді. Алаңғасар велоспиед жүргізушісі сәл соқтығысып қалса да, оңбай құлап, жараланады. Өйткені, ол өзге көліктер сияқты жан-жақты қорғалмаған. Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жиі өткізуге тырысады.

Саят Ибраев – СҚО ІІД ЖПҚ бөлімшесінің инспекторы:

 

– Жолда жүру ережесі бойынша велосипед көліктің бір түрі болып саналады. Сондықтан, оны 14 жастан асқан жандар ғана басқара алады. Бұл көлікті мінгендер жолдың оң жақ шетімен жүруі тиіс.

Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 38 адам қаза тауып, 150-уі түрлі деңгейдегі жарақаттар алған.

Альмира Жетписбай