Спорт

Қарымта матчта “Құлагер” “Номад” құрамасына есе жіберді

Алғашқы матчта 5:3 есебімен басым түскен “Құлагер” командасы қарымта кездесуде елордалық “Номад”-қа 2:5 есебімен есе жіберді.

Жеңілістен кейін жинақылық танытқан астаналық хоккейшілер алғашқы периодтың өзінде Летуновский қақпасына екі рет шайба салды. Ал, кезең аяғына 3 минут қалғанда Дмитрий Исмагилов есеп айырмасын қысқартты. Екінші 20 минуттықта қос құрама тағы бір-бірден шайба салды. Ал үшінші, шешуші, кезеңде қонақ құрама шабуылшылары Петухов пен Савицкий айдын иелері қақпасының осал тұсын таба біліп, есепті 2:5-ке жеткізді. Осылайша, 4 ойынның екеуін жеңіп, екеуінде тізе бүккен “Құлагер” қазір шайбалы хоккейден ашық ел біріншілігінің турнирлік кестесінде 7 ұпаймен үшінші орында тұр. Келесі 2 кездесуді жергілікті имек таяқ шеберлері Теміртау мен Астана қалаларында өткізеді. Ал қыркүйектің 26-27 күндері өз айыдынында атыраулық “Бейбарыс”-ты қабылдайды.

Саят Ермек