Қоғам

Отбасылар арасында сайыс өтті

Отан – отбасынан басталады. Облыс орталығында осындай атаумен жанұялар арасында байқау өтті. Оған Петропавл қаласы мен Тимирязев, Ақжар және Ғ. Мүсірепов аудандарынан келген 7 отбасы қатысты. Олар 3 кезеңде бақтарын сынап, үлгілі отбасыны анықтады.

 

Расул мен Асель Рамазановтар 2 ұл тәрбиелеп отыр. Тұңғыштары – 15-те болса, үйдің кенжесі – 8-де. Командаларын “Толағай” деп атаған жерлестеріміз бұндай шараларға белсенді қатысады екен. Бүгінгі сайысқа 1 апта көлемінде дайындалыпты. Сол себепті, өз күштеріне сенімді.

Асель Рамазанова – сайысқа қатысушы, Петропавл қаласы:


– Мен бұл іс-шара туралы жұмыс орнымнан білдім. Кейін отбасыммен бөлістім. Олар мені қолдап, осы сайысқа қатысамыз деп шешім қабылдадық. Жалпы мұндай жарыстардың маңызы зор.

3-ші кезеңге Рамазановтар әулеті спорттық нөмір әзірлепті.

Ал Мұса жанұясының “Қыран” командасы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданнан келген екен. Бүгін қыздары Жанерке интеллектуалды сұрақтарға жауап берсе, Назерке “Анашым” әнін орындамақ.

Назерке Мұса – сайысқа қатысушы:


– Мен “Анашым” әнін айтамын. Бүгін біз жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Осылайша, әр отбасы әулеттерінің құндылықтарын көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Біреулері әннен шашу шашып, өлең оқыса, енді біреулері кішігірім қойылым сахналады. Бұл сайысқа Петропавл қаласы мен Ақжар, Тимирязев және Ғ.Мүсірепов атындағы аудандардан келген 7 отбасы қатысуға ниет білдіріпті. Жарыс соңында барлық жанұялар түрлі аталымдар бойынша марапатталады. Жалпы, мұндай форматтағы сайыс өңірімізде тұңғыш рет өткізілді.

Молдир Макишева