Денсаулық сақтау

Қыркүйектің 8-і Петропавлда денсаулық фестивалі өтеді

Тәні саудың жаны сау! Ертең Петропавлда кезекті денсаулық фестивалі өтеді. Шара сағат таңғы 10-да Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алдындағы алаңда басталады. Марафонға құлық танытқан әр азаматтың қатысуға мүмкіндігі бар.

Алдымен тұрғындар үшін таңғы жаттығу, кейін ауқымды флешмоб ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, алаңда денсаулық қалашығы тігіледі. Мұнда ақ халатты абзал жандар қалалықтардың денсаулығын тексеріп, шағымдарын тыңдайды. Бұдан бөлек қандағы қант, холестерин мөлшерін тексеретін экспресс-талдамалар жасатып, қан қысымын өлшеуге де болады. Бұл да соңы емес. Шара барысында темекі тастау, ішімдіктен бас тарту, дұрыс тамақтану және спортпен шұғылдану бойынша пайдалы кеңестер беріледі.

Эльмира Садвокасова