Денсаулық сақтау

Медицина саласында 10 млрд. теңгенің қызметтері көрсетілді

Үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанда облыстық денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары 10 млрд. теңгенің қызметтерін көрсетті.

Олардың 90 проценті бюджет, 6 проценті – халықтан түскен қаражат есебінен, ал 3,3 пайызы кәсіпорындардың қаржысына орындалған. Көрсетілген қызметтердің ең ірі көлемі ауруханалық ұйымдардың үлесіне келеді. Олар 5,2 млрд. теңгеге түрлі ем-дом, диагностика қызметтерін көрсетіпті. Оның ішінде, жалпы дәрігерлік тәжірибемен айналысатын ұйымдар көрсеткен қызметтердің үлесі 14,7%-ды, адам денсаулығын қорғау жөніндегі мекемелер –10, әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар – 9,3 және стоматология орталықтары 3,4%-ды құрады.

Берік Қасен