Бизнес және экономика

Тамыз айында өңірдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 9 пайызға өсті

Облыста тамыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 9 пайызға өсіп, жан басына шаққанда 27 мың 754 теңгені құрады.

Статистика департаменті мамандарының мәліметіне сәйкес тамызда бұл соманың 17 пайызына теріскейліктер ет пен балық сатып алған. Жеміс-жидек пен көкөніске кеткен қаражат бұдан сәл кемдеу, ал сүт пен жұмыртқаға қаржының 13 пайызы жұмсалған. Сондай-ақ жаздың соңғы айында азық-түліктен өзге тауарлар мен қызметтердің бағасы 12 жарым мың теңгені құрапты. Тағы бір факті – орташа есеппен бір айда жасөспірімдерге жұмсалатын қаражат 34 мың 300, ал жасы 13-тен кем балғындарға 25 мың теңгеден асып жығылады.

Саят Ермек