Құқық қорғау органдары

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин облыстық ІІД-де болды

Жыл басынан облыс орталығында камералардың көмегімен 100-ге жуық қылмыстың беті ашылған. Құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мен алдын алуда бейнебақылау құрылғыларының тиімділігіне іс жүзінде көз жетіп отыр.

 

Тәртіп сақшылары Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге алдымен бейнебақылау камераларының соңғы үлгілерін көрсетті. Жыл басынан олардың көмегімен 91 қылмыстың беті ашылып, 11 мың құқықбұзушылық анықталған. Бүгінгі таңда жедел бақылау орталығына қала көшелері мен қоғамдық жерлерде орнатылған 410 камера түсіретін бейнелер келіп түседі. Әсіресе, тірек пунктеріне қосылған бақылау камералары полицейлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдеткен.

Алексей Дементьев, СҚО ІІД техникалық қызмет басқармасының бастығы:

– Камераларға түсірілген ақпарат 30 күн көлемінде тірек пунктерінде сақталады. Егер сервер істен шығып жатса, онда барлығы жедел бақылау орталығындағы құрылғыларға жазылады.

Сондай-ақ, “Бұлтты бейнебақылау қызметі” жобасының аясында қазіргі таңда облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің подъездеріне 900 камера орнатылған. Жедел бақылау орталығының мамандары олардың да ұрлық-қарлықтың алдын-алуда көмегі зор дейді.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:


– Камеры в КСК. Количество краж квартирных уменьшилось, или нет?

– Ну, там, где камеры есть, естественно. Это же средство профилактики.

Сондай-ақ, Юрий Ильин ІІД-нің ақпараттық-аналитикалық орталығының архивінде де болды. Мұнда 15 қор жұмыс істейді. Олардың ішінде түрлі жылдары репрессияға ұшыраған, Германиядан елге қайтып келгендер мен әскери тұтқынға алынғандардың іс-қағаздары жоғары сұранысқа ие.

Молдир Макишева