Құқық қорғау органдары

Өңірде «Назар аударыңыз, балалар» акциясы өтуде

Жол қозғалысын реттеушінің бір күндік жұмысын балғындар атқарып көрді. Тек жас жол нұсқаушылары бұл жауапты қызметті көліктердің арасында емес, орталық саябақтағы алаңда ұйымдастырды. Пайдалы сабақтар «Назар аударыңыз, балалар» акциясы аясында өтуде.

 

–  Вот я в таком направлении стою, пешеходы могут переходить здесь и могут переходить здесь. Мы можем повернуться как регулировщик. Как мне удобно я могу поворачиваться.

Осындай қарапайым ережелерді есте сақтау үшін балалар уақытша жол қозғалысын реттеушінің кейіпіне енді. Маңызды істі олар тек жолда емес, орталық саябақтағы арнайы алаңда атқарды. Полицейдің фуражкасы, формасы мен қолғабын киген 1-ші гимназияның оқушылары осылайша, күндерін пайдалы әрі қызықты өткізді.

Всеволод Десятов – Бірінші гимназияның 6-сынып оқушысы:

 

– Бүгін біздер үшін қызықты сабақ ұйымдастырылды. Енді мен жол қозғалысын реттеуші берген белгілерді түсінетін боламын.

 

 Никита Сысоев – Бірінші гимназияның 6 сынып оқушысы:


–  Сабақ барысында көп нәрсені үйрендім. Бұрын жол қозғалысын реттеуші тұрған жерден өтуге қорқып, айналып жүретінмін. Енді барлығын білетін болдым.

Сабақ барысында балғындар тәртіп сақшыларына өздерін толғандырып жүрген сауалдарын да жолдады. Кейін оқушыларға жаднама парақшалар таратылды. Жол қозғалысын реттеушінің берген белгілерін бала түгілі, кей кезде ересектер де түсіне бермейді. Сондықтан мұндай шаралардың маңызы зор дейді полицейлер.

Баян Байғаскина – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

 

– Облыста “Назар аударыңыз, балалар” акциясы өтуде. Оның аясында біздер балғындарға жолда жүру ережелерін түсіндіреміз.

Алдағы уақытта мұндай сабақтарды қаланың барлық мектептерінде өткізу жоспарланған.

Магжан Ахмадина