Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданының әкімі парамен ұсталды

Қасықтап жинаған абыройы, айрандай төгілді! Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі Жастілек Сыздықов пара алып жатқан жерінде ұсталды. Мемлекеттік қызметшінің былығын “ҚР-сы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының” Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.

Парақорлық фактісінің орын алғандығы жөнінде республикалық ведомствоның баспасөз-қызметі мәлімдеді. Белгілі болғандай, аудан әкімі жергілікті серіктестік директорының мүддесін қорғау үшін, одан 185 мың ресей рублін сұраған. Теңгеге шаққанда бұл 1 млн теңгеның шамасында. 40 жастағы мемлекеттік қызметші кінәсін толығымен мойындағандықтан, қамауға алынған жоқ. Еңбек жолын 97-ші жылы қарапайым есепшіден бастаған айыпталушы әр жылдары Ақжар аудандық салық комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет еткен. Ал Мамлют ауданының әкімі болып үстіміздегі жылдың қаңтарынан жұмыс істеп келді.

Бахыт Садвокасов