Спорт

Теріскейлік жеңіл атлет Азиадада күміс медаль тағынды

Индонезия елінен сүйінші хабар! Теріскейлік жеңіл атлет Маргарита Мукашева Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

 

Нәзікжанды 800 метр қашықтықты 2 минут 1 секунд ішінде бағындырып, қытайлық спортшыдан бар болғаны 60 миллисекундқа қалып қойған. Атап өту қажет, жерлесіміз осыған дейін екі дүркін Азия Ойындарының чемпионы атанған.

Қазір қазақстандық жеңіл атлеттер құрамасының қоржынында үш медаль бар.
Нәтижесінде, Азиада ойындарында еліміз жалпыкомандалық есепте 10-шы орынға табан тіреді. Спортшыларымыз 46 медальге қол жеткізген, оның 8-і – алтын, 9-ы – күміс мен қалған 29-ы – қол жүлде.

Эльмира Садвокасова