Спорт

Тамыздың 30-ы “Ринг патшасы” турнирінің финалы өтеді

The YouTube ID of https://www.youtube.com/embed/MBXBM5By4Io is invalid.

Тамыздың 27-сі облыс орталығында “Ринг патшасы” турнирі бастау алған болатын. Шаршы алаңда 22 әуесқой боксшы қолғап түйістіріп, өзара мықтыны анықтады. Онда қарсыластарынан басым түскен 10 қатысушы ақтық кезеңге жолдама алды.

Ал бүгін былғары қолғап шеберлері жекпе-жек алдында кездесіп, көз түйістірді. Жиында әуесқой боксшылар ертеңгі кездесуге қатысты журналистердің сауалдарына да жауап берді. Жалпы, “Ринг патшасы” облыстық турнирі теріскейде 2-ші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Сайыс ережесіне сәйкес спортшылардың жасы 35-тен кем болмауы тиіс. Айта кеткен жөн, ертең кешкі сағат 5-те бас алаңда тартысты доданың финалдық кездесуі өтеді.

Руслан Есеналин – СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:


– Бұл кездесу 2 минуттан тұратын 2 раундқа жалғасады. Биыл жүлде қоры 1,5 млн теңгені құрап отыр. 3-ші орынға тұрақтаған спортшыға – 50 мың теңге, 2-ші орынды иеленгендерге – 100 мың, ал жеңімпаз атанғанға 150 мың теңгенің ақшалай сыйақысы беріледі. Сондай-ақ, жеңіс тұғырынан көрінген қатысушыларға “Чемпион белдігі” мен медаль табысталады.

 

Дана  Ешкенова