МТРА жаңалықтары

Ресейлік “Эталон меха” компаниясының кезекті тондар жәрмеңкесі өтуде

The YouTube ID of https://www.youtube.com/embed/EMDJhKzYY-E is invalid.

Сәнді тон сатып алғыңыз келсе, “Сити Молл” сауда орталығына асығыңыз! Петропавлда ресейлік “Эталон меха” компаниясының кезекті ішіктер көрме-жәрмеңкесі өтуде. Тамыздың 28-і бастау алған шара қыркүйектің 2-сіне дейін жалғасады. Бұл жолғы сатылымға өндірушілер жаңа киім үлгілерін әкеліп отыр.

 

Мына павильонда жайғастырылған “Эталон меха” компаниясының тондары Ресей мен қазақстандық тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Алуан түрлі ішіктердің сапасына еш мін таға алмайсың. Жыл өте Пятигорск қаласында шығарылатын киімдерді таңдайтындардың қатары көбеймесе кеміген емес. Бүгінгі таңда “Эталон меха” мутон мен қаракүзен терісінен тігілген тонның 10-ға жуық түрін шығарып келеді.

Артем Игнатьев – “Эталон меха” компаниясының Петропавлдағы көрме әкімшісі:


– Мутоннан жасалған тонның бағасы 130 мың теңгеден 250 мыңға дейін жетеді. Қаракүзендікі 350 мыңнан 700 мыңға дейін барады. Ішіктерге арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Мысалға, қаракүзенге – 100 мың теңге, ал мутонға 30 мыңнан 70 мыңға дейін жеңілдік бар. Көңілден шыққанын сатып алуға қаржыңыз жетпесе, оны несиеге де алуға болады. Тек клиенттің жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Қала тұрғыны Алма Жалмұқанова Петропавлда осындай ішіктер көрмесі өткізілетінін Инстаграмм желісінен оқып білген. Зейнеткердің бұл жолғы таңдауы қаракүзен терісінен жасалған 550 мың теңгенің тонына түсіп отыр.

Ал Елена Астапенко Беларусьтан Петропавлдағы жақындарына қонаққа келіпті. Нәзікжанды “Сити молл” сауда орталығында өтіп жатқан тондар жәрмеңкесіне ойда-жоқта тап болған. Ол ішіктерді киіп көріп, өзінен ұнағанын сатып алмақ ниетте.

Елена Астапенко – қала қонағы:


– Көптен бері көзге тартымды ішік алсам ба деп ойлап жүр едім. Бұған дейін өзге қалалардағы тондар жәрмеңкесін аралағанмын. Бірақ, бірде денеме қонымдысы кездеспесе, енді бірде түсі көңілден шықпады. Ал мынау сыртқы киім мені бірден баурап алды.

Бұл жерде консультанттардың ақыл-кеңесін қаперге алып, түсі ұнаған ішікке әп-сәтте қол жеткізесіз. Өндіруші компанияның егде жастағы әйел адамдар мен қыз-келіншектерге де ұсынар тондары аз емес.

Станислав Беляков – “Эталон меха” компаниясының Петропавлдағы көрме консультанты:

– Бізде солтүстікқазақстандық нәзікжандылардың көңілінен шығатын көрікті тондар көп. Алдағы қыста ашық және ақшыл сұр түстер сәнде болады. Көлік тізгіндейтін жандардың қалауын да ескеріп, ыңғайлы киімдер тігілді. Оларды трансформер деп те атайды.

“Әйелдер қауымының құлағына алтын сырға”! Жалпы, тондар саудасы тамыздың 28-і нен қыркүйектің 3-не дейін жалғаспақ. Сондықтан, теріскейдің қытымыр қысында сәнді әрі жылы тон киюді жөн көрсеңіз “Сити молл” сауда орталығының 2-ші қабатындағы ішіктер жәрмеңкесіне келуге асығыңыздар.

Бахыт Садвокасов