Білім

Петропавлда мұғалімдер форумы өтті

The YouTube ID of https://www.youtube.com/embed/6jc6DKau0Go is invalid.

“Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі.” Осындай атаумен бүгін облыс орталығында мұғалімдер форумы өтті. Ұстаздар мен зиялы қауым өкілдері қатысқан шарада оқу үрдісін жетілдіру, ұрпақ тәрбиесі туралы ойлар ортаға тасталды.

“Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында білім беруге қатысты 6 бағытқа басымдық берілген. Соның бірі – үрдісті жетілдіру.

Күлімкөз Смаилова – әл-Фараби мектеп-лицейінің директоры:


– Рухани жаңғыру бағдарламасының іске асырудағы негізгі мақсаты – жаңа көзқарастар, жаңа тиімді тәсілдерді іске асырып, барлық мектептердің күш-жігерлерін біріктіру. Бұл – күрделі ой-сананы өзгертетін бағдарламалардың бірі. Сол себепті, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар да белсенді қатысуы керек.

Биыл өңірдегі жалпы білім беретін бірқатар орта мектептерде оқушыларға арналып “Тарихи өлкетану” мен “Әдеби өлкетану” курстары енгізіліп отыр. Сондай-ақ, бұған дейін оқу ошақтарындағы шаралар легі жиналыс, дөңгелек үстел отырыстары түрінде өтсе, енді квест, қызықты ойындар және зиялы тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылмақ.

Шолпан Рахимжанова – №23 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:


– Бүгіндері “Қасиетті Қазақстан” бағдарламасы аясында оқушылар өңіріміздің киелі жерлерімен таныса алады. Оымен қоса, балалар тек қарапайым шығармалар байқауына қатысып қана қоймай, жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, ұстаздармен бірге бүгінгі заман талабына сай шаралар өткізуге де ат салысады.

Жиын барысында педагогтардың ақпараттық компьютерлік технологияларды жиі пайдалану қажеттігі айтылды.

Альмира Жетписбай