ТЖ

Өрт сөндірушілер арасында 2 күндік жарыс өтіп жатыр

The YouTube ID of https://www.youtube.com/embed/7-RcM9oEgyE is invalid.

Кәсіби шеберлікті шыңдайтын дода. Петропавлда өрт сөндіру-құтқару спортынан облыстық жарыс өтіп жатыр. Бұл жолы дәстүрлі чемпионатқа 100-ге жуық сайыскерден жасақталған 18 құрама қатысуда.

 

Құтқарушылардың шеберлігін шыңдап, физикалық дайындығын сынайтын облыстық чемпионатты өткізу игі дәстүрге айналған. Қазір өрт сөндірушілер кезек-кезек түрлі кедергілерге толы 100 метрлік қашықтықты бағындыруда. Міне, қалалық 4-ші өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы Руслан Өміржан да тапсырманы орындауға дайындалып жатыр. Төреші белгі берісімен ол жарыс жолына бет алды.

Құтқарушы берілген тапсырманы мүдірместен орындап шықты. Қарсыласы одан уақыт бойынша басым түссе де, Руслан еш мойыған жоқ.

Руслан Өміржан – Петропавл қалалық №4 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушысы:


– Біздің жұмыста жоғары физикалық дайындық керек. Содан да осындай сайыстар өтеді. Өткен жылы да қатыстық. Онда біздің бөлім 1-ші орын алдық. Жаңа кедергілерден өттім. Қиын болды.

Биылғы өрт сөндіру-құтқару спортынан жарысқа өңір аудандары мен қаламыздың өрт сөндіру бөлімдерінен 18 құрама қатысуда. Жалпы саны 100-ге тарта құтқарушы 2 күн бойына ептіліктерін паш етпек.

Әсет Сердалин – СҚО ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің жедел кезекшісі:


– Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс 3 сыннан тұрады. Таңертең құтқарушылар сатымен 4 қабатты мұнараға көтерілуден шеберліктерін көрсетті. Түстен кейін қатысушылар кедергілері бар 100 метрлік қашықтықты бағындырды. Мұндай жарыс осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіруге септеседі.

Ал бүгін ұйымдастырушылар жекелей және топтық сында жауынгерлік қанат жаюдан үздік құтқарушыларды анықтады. Жарыс соңында көзге түскен мамандар мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтарға ие болмақ.

Бахыт Садвокасов