Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары “Астық” алдын алу шарасын өткізуде

Қазір өңірімізде орақ науқаны жүріп жатыр. Осы орайда тәртіп сақшылары “Астық” алдын алу шарасын өткізуде. Полиция қызметкерлері алтын дән тиелген әрбір жүк көлігін бақылауға алған. Олар жүргізушілердің құжаттарын тексеріп, өнімді қайдан алғанын және қай жерге жөнелтілгенін сұрастырады. Әзірге, бүгінге дейін ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектерін қолды қылуға байланысты 6 факті тіркеліпті.

Бекболат Мұратхан – Қызылжар аудандық ІІБ ЖПҚ учаскелік полицейі:

– Өңірімізде “Астық” алдын алу шарасын ұйымдастырудамыз. Ол орақ науқанының соңына дейін жалғасатын болады.

Эльмира Садвокасова