Ауа райы

Тамыздың 26-сы облыс аумағында жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал

Ауа райы жайлы бірер ақпар. Синоптик мамандардың болжауынша тамыздың 26-сы облыс аумағында нөсер жауын күтілуде.

Кей жерлерде тұман, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына – 15 метрге, түнде 20-ға дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты өңір құтқарушылары қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстап, тұрғындарды аса абай болуға шақырады.

Альмира Жетписбай